"Қорғаста" тәртіпсіздікке жол берген тауар тасушылар жауапқа тартылады

1084

Шекарадан кіргізілген қол жүгі 25 келіден аспауы керек. 

"Қорғаста" тәртіпсіздікке жол берген тауар тасушылар жауапқа тартылады Фото: sputniknews.kz

"Қорғас" халықаралық орталығыгында тәртіпсіздікке жол берген тауар тасушылар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақ-Қытай шекарасының күту залында қол жүгін кіргізбек болғандар байбалам салған бейнежазба әлеуметтік желіге таралған. Салдарынан, орталықта кептеліс туып, жүріп-тұру қиындаған. Сондай-ақ, бейнеде тауарын кеденшілер тартып алған азаматтың еденге жата қалып, жылаған сәті де түскен. Жергілікті полицейлер оның мас болғанын мәлімдеп отыр.

Жалпы шекарадан кіргізілген қол жүгі 25 келіден аспауы керек. Ал көлемді жүкті өткізетін саудагерлер декларация толтыруға тиіс. Құжатты рәсімдемеген алып-сатарлар түрлі құйтырқы әрекетке баратын көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу