Миятов: Қорғаста уәкілетті экономикалық операторлардың жұмысы тексеріліп жатыр

973

Бұл туралы 21 қаңтарда ОКҚ брифингінде Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов айтты.

Миятов: Қорғаста уәкілетті экономикалық операторлардың жұмысы тексеріліп жатыр

"Бас прокуратураның, қаржы мониторингі агенттігінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары қосылды. Қазіргі уақытта Уәкілетті экономикалық операторларға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Басқаларға қатысты ешқандай тексеру жүргізілмейді. Барлық рәсімдеу штаттық режимде өтеді, шекарада топталған кезек жоқ", – деді Қайрат Миятов

Тексеру қорытындысы кейін жарияланады. Миятов мұндай қысқа мерзім ішінде Мемлекеттік кірістер комитеті алдын ала нәтижелерді жариялай алмайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу