Қорғастан тауар алып өту жеңілдейді

1130

Қорғастан тауар алып өту жеңілдейді

2017 жылы Қорғаста баж салығынсыз тауар алып өтудің жаңа ережелері енгізіледі. Бұл туралы  мәжілісмен Азат Перуашев lsm.kz сайтына хабарлады, деп жазады 7kun.kz.

Оның айтуынша, қазіргі ережелер шекара маңындағы сауда аймағынан айына 1,5 мың еуроны құрайтын 50 кг тауар ғана алып шығуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ол бір-біріне ұқсамауы керек, яғни, екі дана көйлек немесе екі жұп нәски т.б. алып өту мүмкін емес.

"Кеден қызметінің жетекшісі Ғосман Амрин мырза маған жазған хатында осы жағдайға сәйкес қаржы министрлігінің бұйрығы дайын тұрғанын айтты. Жаңа ережелер бойынша шекарашылар енді әр сөмкеге сағаттар бойы үңіліп біртекті, ұқсас тауарларды іздеп әуре болмайды. Әрине, бұл барлығының жұмысын жеңілдетпек",- деді мәжілісмен.

Бірақ сұхбат беруші жаңа ереженің қай уақыттан бастап күшіне енетінін ашып айтпады, тек осы жылы Қорғастағы жағдайдың біршама өзгеретінін сөз етті. Сонымен қатар, ол аталмыш сауда орталығында сатылатын Қазақстанның тауар белгісімен таңбаланған тауарлар туралы да пікір білдірді.

"Ондағы темекі өнімдерінің орнын қырғыз тауарлары толтырып қойғаны туралы біздегі мемлекеттік табыс комитеті біледі және соған қажетті іс-шараларды қолға алмақ",- деді ол.

Өз кезегінде мемлекеттік табыс комитеті тауарлардың санына байланысты өзгерістер болатын нақтылады. Бұл туралы 2015 жылдың 31 наурызындағы қаржы министрінің "Кедендік одақтың шекарасынан жеке тұлғалардың алып өтетін тауарларын жеке тұтыну тауарларына жатқызу туралы" №250 бұйрығында айтылған.

Қазіргі таңда қоғамдық және сарапшылар кеңесінде талқылау күтілуде, одан кейін бұйрықты Әділет министрлігінде тіркетіп, БАҚ-та жариялайды. Комитет жоспары бойынша мұның барлығы айналасы бір айдай уақыт алады. Комитет қызметкерлері ұзақ уақыт алған күннің өзінде 1 сәуірге таман жаңа ережелер жарыққа шығады деп сендірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу