Қорғасын-мырыш тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

2375

Болашақта байыту фабрикасы тұрғызылатын орынға құрылыс жұмыстарының басталуы іргесіне 2068 жылғы Шалқия ТБК қызметкерлеріне жолдау арналған "Уақыт  капсуласын" салып, белгі қою рәсімімен салтанатты түрде өтті. 

 Қорғасын-мырыш тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жаңа қорғасын-мырыш тау-кен байыту комбинатының (КБК) құрылысы басталды, деп хабарлайды "Тау-Кен Самұрык" ҰТК" АҚ баспасөз-қызметі. 

КБК жоғары сапалы мырыш және қорғасын концентраттарын шығаратын болады. Бұл өнімнің Қазақстанда, сонымен қатар әлемдік нарықтағы қажеттілігі елеулі деңгейде өткізу нарығына кепілдік береді.

Жобаның құны – 235 млрд. теңге, қазігі уақытта 35 млрд. теңге, оның ішінде, 2018 жылы – 12 млрд. теңгеден астам инвестиция игерілген.

Кен орынының дәлелденген қоры кенді 2051 жылға дейін өндіру және байыту мүмкіндігін көздейді.

 "Өнімділігі 2 млн тоннаны құрайтын кешеннің 1-кезегін 2020 жылғы қазанда пайдалануға беру жоспарланып отыр, ал, қуаты 4 млн. тоннаны құрайтын кешеннің 2-ші кезегі өз жұмысын 2021 жылғы қарашада бастайды",-  деп хабарлады "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ-ның бас директоры Асқар Жаукенов..

Жобаны іске асыру кезеңінде 1500 адам жұмыс орнымен қамтамаыз етіледі.

Өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін осы салынатын кәсіпорынның стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Қызылорда облысының әкімдігі, "Шалқия Цинк" ЛТД" АҚ  және Engineering Dоbersek компаниясы Шалқия КБК құрылысына байланысты мәселелерде бір-біріне өзара қолдау көрсету туралы келісті және тиісті меморандумға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу