Көрісу күні Атырау тұрғындары автобуста тегін жүреді

130

Атырау қаласында 14 наурыз – Көрісу күні және 22 наурыз – Наурыз мерекесі күндері барлық қоғамдық көліктер қала тұрғындары мен қонақтарын тегін тасымалдайды.  

Көрісу күні Атырау тұрғындары автобуста тегін жүреді Фото: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мерекелік күндерге орай ұйымдастырылған бұл шара тұрғындардың туған-туыстарымен еркін қауышуына жағдай жасап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат етеді. Тегін тасымал қызметі тек Атырау қаласында ғана емес, қалаға қарасты ауылдық округтерді де қамтиды. Қоғамдық автобустар таңертеңнен кешке дейін қалыпты кестемен жүреді", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Айта кетейік, Атырауда Наурыз мерекесіне арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар 14 наурыздан 22 наурызға дейін өтеді деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу