Халықаралық гимнастика федерациясы көркем гимнастикадан әлем кубогінің бірнеше кезеңін кейінге қалдырғаны туралы хабарлады, деп жазады Olympic.kz.
Көркем гимнастикадан 3 сәуірде Италияда әлем кубогінің кезекті кезеңі өтуге тиіс болатын. Ұйымдастырушылар аталған доданы 5-7 маусымда өткізу туралы шешім қабылдады.
Ал Болгарияда 10-12 сәуір күндеріне жоспарланған байрақты бәсеке белгісіз мерзімге шегерілді. Сондай-ақ, 17-19 сәуір күндері Өзбекстанда, 24-26 сәуірде Әзірбайжанда өтуге тиіс жарыстар да белгісіз мерзімге ауыстырылды.
Жарыстардың нақты өткізілу уақыты алдағы уақытта хабарланатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу