Шығыршықпен жаттығудан шымкенттік Баян Қойбағар топ жарды. Ол 22,250 ұпай жинаған. Доппен жаттығуда елордалық Ділназ Байленова 21,700 ұпаймен жеңіске жетті.
Сондай-ақ Баян ұршықпен жаттығудан (22,850), Ділназ таспамен жаттығудан (18,750) бірінші орын иеленген.
Үш шығыршық және екі жұп ұршықпен жаттығудан Нұр-Сұлтан командасы тұғыр биігіне көтерілді. Бес доппен жаттығуда да елордалықтар көш басында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу