Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы алдағы әлем кубогі кезеңдеріне қатысудан бас тартты деп хабарлайды Olympic.kz.
Атап айтар болсақ, бүгін Чехияның Брно қаласында өтетін Гран-при турниріне қазақстандық гимнастар қатыспайды. Сондай-ақ, спортшылар Киев пен Марбельедегі Гран-при турнирлерінен және Ташкент пен Софияда өтетін әлем кубогі кезеңдерінен де сырт қалады.
Айта кетелік, спортшылардың жарысқа қатыспауына әлемде коронавирустың ушығуы себеп болып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу