Ірі әлемдік жарысқа Қазақстан командасының мүшелері де қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Әлия Юсупова жаттықтыратын көркем гимнастар екі елдегі бәсеке дайындалып жатыр. 2-4 шілде аралығында Минскіде Айбота Ертайқызы мен Ділназ Байленова сынға түседі.
Ал 9-11 шілде аралығында Мәскеуде өтетін кезеңде Сабина Бақатова мен Эльжана Таниева бақ сынайды. Аталған екі спортшы Ресейдегі Ирина-Винер Усманованың академиясында жаттығатынын естеріңізге саламыз.
Айта кетелік, көркем гимнастикадан Қазақстан командасының еншісінде Токио Олимпиадасының бір жолдамасы бар. Лицензиялық Азия чемпионатында Алина Әділханова жеңіске жетіп, Токио ойындарына қатысу мүмкіндігін алған болатын.