Бұл туралы Чехия Армиясының Бас штабының бастығы Карел Ржегка мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Аталмыш шектеулерді алып тастау керек, өйткені украиндар үшін өздерін қорғау заңды құбылыс, тіпті Ресей аумағына шабуылда заңға қайшы әрекет жоқ, өйткені Украина байланған бір қолымен күресе алмайды", - деді ол.
Чехия әскери күштері украиндықтарға ұзақ қашықтықтағы зымырандар жеткізе алатын батыс елдері — АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Германия — бұл қақтығыстың өршуіне әкеліп соқтырмай ма, жоқ па, НАТО мен Ресей арасындағы ядролық соғысты тудырмай ма, жоқ па – деген сұрақтарда келісе алмай жатыр деп санайды.
"Ұшақтар қолданыстағы қару-жарақтың қолы жететін ресейлік аэродромдардан ұшады, бірақ украиндар оны қолдана алмайды, сондықтан украиндар Ресей аумағына шабуыл жасай алса, бұл заңды болар еді", - деп атап өтті генерал.
Оның айтуынша, Курск облысындағы украиналық операция Ресейдің үркіткеннен арыға бара алмайтынын көрсетті.
"Курск облысындағы жағдай кейбір батыс көшбасшыларына ұрыстың өршуі мен қызыл сызықтардан қорықпау керектігін көрсетті, өйткені орыстар әлі күнге дейін ядролық қарумен қанша қорытқанымен, украиндар басып кіріп, бүкіл округті басып алғанда, ешқандай әрекетке барған жоқ", - деді ол.