"Қорқып кеттік": Ақтөбеде мектептен өрт шықты

571

Ақтөбеде №23 меткеп-лицейі өртеніп, 1000 адам қауіпсіз жерге шығарылды.   

"Қорқып кеттік": Ақтөбеде мектептен өрт шықты Фото: inbusiness.kz

Тілсіз жау таңертең сабақ енді басталған кезде шыққан. Қызыл жалын мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары отыратын кабинетте тұтанған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасарының кабинеті болатын. Жаңадан алынған фильтрді қосқанда, сол қысқа тұйықталып, тұтанған. Кабинеттегі заттар өртенді. Балаларды дер кезінде шығарып, ата-аналарына хабарлап, үйлеріне жібердік. Қазір екінші аяқ киімдері мен сөмкелерін алып үлгермендерге таратып жатырмыз. Бүгін оқу процесін тоқтаттық. Себебі, ысты жуып, қалыпқа келтіруіміз керек. Екінші аяқ киімдері, сөмкелерін таратып жатырмыз. Иіс тиіп немесе денсаулығына шағым айтқан балалар жоқ", - деді №23 мектеп-лицейдің директоры Әлия Қасымова.

Мектеп жанында полицейлер, жедел жәрдем дәрігерлері болды. Білім ошағында 2500   бала білім алады.

"Мектеп жанып жатыр деп хабарласқанда, қорқып кетіп, жетіп келдім. Балам аман екен, шүкір деймін. Бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған бұл мектепте. Қауіпсіздік жағынан мәселе туындамаған еді",- дейді қала тұрғыны Нұргүл Ермекова.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Марғұлан Аманбаев өрттің  шығу себебін анықтауға кіріскенін айтты: "Таңертең 7 сағат 59 минутта  қоңырау түсті. Өрт сөндірушілер 4 минутта оқиға болған жерге жетті. Қызыл жалын шарпыған аумақ 21 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу