Ол 1967 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
1991 жылы Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын тарих және француз тілі мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еңбек жолын 1991 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы №139 мектептің мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мемлекет, құқық теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, меңгерушісі, осы университет жанындағы колледж директоры, "Nur Otan" ХДП Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.
Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы, "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы болды.
"AMANAT" партиясының Қызылорда облыстық филиалына, Қызылорда облыстық мәслихатына жетекшілік жасады. 2024 жылдан бастап бүгінге дейін Парламент Сенатының депутаты болды.