"Қорқыт ата" әуежайының жүк таспасы істен шығып қалды

Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланған. 

"Қорқыт ата" әуежайының жүк таспасы істен шығып қалды Фото: qyzylorda_airport

Жолаушыларға заттары неге тікелей жүк көлігінен терезе арқылы таратылғанын әуежай директоры айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бейнежарияланымда жүк таспасын мамандардың қолмен атқарып жатқаны анық байқалады. Аталған жайтқа халықаралық "Қорқыт ата" әуежайының директоры Баян Әжмолдаев пікір білдірді. 

"2024 жылы 18 шілдеде жүк таспасы ақаудың болуына байланысты демонтаждалған. Жүк таспасы қосалқы бөлшектер сатып алынып, жөндеуден өткеннен кейін орнатылады. Айта кетсек, ол қолдан жасалған, оны жеті жыл бұрын кәсіпкер әуежайға сыйлық ретінде ұсынған еді. Жүк таспасын орнатқаннан кейін ол бірнеше рет жөндеуден өткен. Дегенмен, қайта істен шығып отыр, – деп түсіндірді ол. 

Директордың пікірінше, жүк таспасының қолдан жасалғаны ұзақ уақыт қызмет етуіне кедергі болып отыр. Десе де, Баян Әжмолдаев жақында әуежайдың жаңа терминалы ашылатынын хабарлады. 

"Осы жағдайға байланысты оған қосалқы бөлшектерді іздеу және жөндеу жұмыстары қиынға соғуда. Жақында жолаушылар үшін барлық халықаралық стандарттарға сай жабдықталған жаңа терминал ашылады", – деп толықтырды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу