"Қорқыт Ата" компрессорлық стансасы іске қосылды

1047

"Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ толық қуатына шықты

"Қорқыт Ата" компрессорлық стансасы іске қосылды

"Қорқыт Ата" КС жұмысының басталуымен "Бейнеу–Бозой–Шымкент" МГҚ өткізгіштік қуатын жылына 10 млрд м3-тен 15 млрд м3-ке дейін арттыру бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру аяқталды, деп хабарлайды "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі.

Бұл ретте 5 млрд м3 газ елдің оңтүстік өңірлерінің көгілдір отын қажеттілігін толығымен жабады, ал 10 млрд м3 Қытайға экспортталмақ. Станса Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақсуат кентіне жақын орналасқан.  

Осы инвестжобаны іске асыру аясында "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының бойындағы Түркістан және Қызылорда облыстарының аумақтарында қосымша үш компрессорлық станса жұмыс істей бастады: "Арал" КС – газ құбырының 518-ші шақырымында, "Қорқыт Ата" КС - 725-ші шақырымында және "Түркістан" КС - 1230-шы шақырымда, олардың екеуі өткен жылдың соңында пайдалануға берілген.

"Қорқыт Ата" КС "ҚазТрансГаз" АҚ қаражаты есебінен қаржыландырылып, рекордтық қысқа мерзім ішінде салынған, соңғы екі айда іске қосылған үшінші жоғары технологиялы станса саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу