Әлеуметтік желіде Қостанай облысында мектеп директорының балаларды балағаттағап жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Qostanay.TV-ге сілтеме жасап.
Оқушының айтуынша, оны шашын қиюға мәжбүрлеген.
"Бізді директорға апарды. Дәлірек айтқанда, менің досымды және мені. Түсініктіме әкелмегеніміз үшін. Ол шашым үшін маған айқайлап, мені "ақымақ" деп атады, балалар үйі мен психиатриялық аурухананы айтып қорқытты. Менің шашым соншалықты ұзын емес еді, әрі кетсе 3-4 см, бірақ бұйра, сондықтан солай көрінеді", - дейді оқушы.
Қостанай аудандық прокуратурасы бұл факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу