Қазақтың Көрұғлы туралы дастанында нәресте шешесінің көрінде дүниеге келгендіктен, "Көрұғлы" есімін алғандығы жырланады. Бұл дастандағы оқиғаның шын болғандығына осы күні сенбеске амалың қалмайды. Себебі жақында ғана дәл осыған ұқсас оқиға Канадада болды. Жол апатынан қаза болған аяғы ауыр әйел табытта жатып босаныпты. Бұл жайлы барлық электронды ақпарат құралдары жарыса жазуда.
Сәби анасын жерлеп жатқанда табыт ішінде дүниеге келген. Әйел жүктіліктің жетінші айында екен, өз көлігімен емханаға бара жатқанда жол апатына түседі. Оның денесі мәйітханада 17 сағат, үйінде алты сағат жатқан. Туыстары жерлеу рәсімінде әйелдің табытын төмен түсіріп жатқанда, кенеттен сәбидің іңгәлаған даусын естиді.
Жұмысшылар дереу табытты ашқанда тірі қызды көреді. Дәрігерлер өлі туды деп санаған нәрестенің қалай аман қалғанын түсіне алмауда. Кішкентай сәби қазір инкубаторда жатыр.