Қорлар қаржының қайда жұмсалғаны туралы есеп беруге міндетті

308

Әділет министрлігі – қоғамдық бірлестіктерді тіркеу қызметін атқаратын орган.

Қорлар қаржының қайда жұмсалғаны туралы есеп беруге міндетті Фото: qarmaqshy-tany.kz

Елімізде қорлардың қызметі "Қайырымдылық туралы" және "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңмен реттеледі. Осы заңнамалық негізге сай, қор ретінде тіркелген әр коммерциялық емес ұйым өз қызметі туралы, оның ішінде қаржының жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуы тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңның 13-бабына сай, қорлар құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке, корпоративтiк, қоғамдық, мемлекеттiк болып құрылуы мүмкiн.

Ал, қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм қорлары және өзге де қорлар болып құрылады.

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде көрсетілгендей, коммерциялық емес ұйымның жарғысы мыналарды қамтуы керек:

1) коммерциялық емес ұйымның атауын, соның iшiнде ұйымдық-құқықтық нысанын, қызметiнiң мәнi мен мақсатын;

2) коммерциялық емес ұйымның орналасқан жерiн;

3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртiбiн және құзыретiн;

4) коммерциялық емес ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен мiндеттерiн;

5) коммерциялық емес ұйымның мүшелiгiне (егер коммерциялық емес ұйымның мүшелiгi болған жағдайда) қабылдау және одан шығу шарты мен тәртiбiн;

6) коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерiн;

7) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiн;

8) коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру және оның қызметiн тоқтату шартын;

9) коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану тәртiбiн;

10) филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi.

"Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңның 41-бабы 5-тармағына сәйкес, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары, мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу