Корнавируспен күреске тартылған полиця қызметкерлері мен әскерилер де сыйақы алады

1459

Бұл мақсатқа 8 млрд теңге бөлініп отыр.

Корнавируспен күреске тартылған полиця қызметкерлері мен әскерилер де сыйақы алады Фото: Максим Морозов

Коронавируспен күреске жұмылдырылған Ұлттық ұлан жауынгерлері мен полиция қызмекерлеріне бір айлық еңбекақы көлемінде сыйақы төленеді. Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов осындай мәлімет айтты.

"19,5 млн теңге коронавирусқа шалдыққан және індет жұқтырды деген күдікпен жатқызылған адамдарды емдегені үшін медициналық мекемелерге бөлінді. 14,1 млрд теңге  карантиндік типтегі 3 медициналық модуль салуға жұмсалады. 30,8 млрд теңге азаматтардың жекелеген санатына азық-түлік үлестіру үшін берілді. 8 млрд теңге  медициналық жұмысшылар мен  ішікі істер органдарының өкілдеріне, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлеріне 1 айлық лауазымдық еңбекақы көлемінде сыйақы  төлеу үшін бөлінді", – деді вице-мнистр онлайн брифинг барысында.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу