Коронавиурспен күреске қатысқан ғалымдар да үстемеақы алады

1467

Үстеме ақы алатын медицина мамандарының саны 30 мыңға көбейді. 

Коронавиурспен күреске қатысқан ғалымдар да үстемеақы алады

Коронавирус індетімен күреске тартылған медициналық университет, колледж мамандары да үстемеақы алуы мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова осындай мәлімет айтты.

"30 мыңның көлемінде бағдарлама болса, қазіргі кезеңде тек нақты тәжірибедегі дәрігерлермен қоса университет пен колледж мамандарын да жұмысқа шақырып жатырмыз. Соған сәйкес үстемеақы алатындар саны 30 мыңға жеткен шығар деп топшылап отырмын. Кафедра мамандарын да қазір біз жұмысқа шақырып жатырмыз. Осыған байланысты үстемеақы алатындар саны да өсті", – деді Сәуле Қисықова.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу