Көрнекті гидрогеолог Едіге Сабуров өмірден озды

302

Белгілі ғалым 76 жасында дүниеден өтті.

Көрнекті гидрогеолог Едіге Сабуров өмірден озды Фото: time.kz

Едіге Сабуров Атырау облысының жер асты суларын зерттеуге 20 жылдан астам уақытын арнап, су ресурстарын тұрақты басқару мен аймақтағы су тасқынына қарсы инновациялық шешімдерді енгізу бағытында белсенді жұмыс істеген санаулы жандардың бірі, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Ол "Атыраугидрогеология" ЖШС-нің ғылыми кеңесшісі еді, өз тәжірибесімен жиі бөлісіп бұқаралық ақпарат құралдарында маңызды мәселелерді көтеріп отырды.

2022 жылы гидрогеология саласына қосқан үлесі үшін "Парасат" орденімен марапатталды. Едіге Сабуров Ойыл мен Жайық өзендерінің тартылуы сияқты экологиялық проблемаларды көтеріп, билікті нақты әрекеттер жасауға шақырды.

Оның өмірден өтуі - ғылыми қауым үшін және оның кәсіби біліктілігін, даналығын, туған жерінің тағдырына деген қамқорлығын бағалайтын барша жан үшін ауыр қаза. Едіге Сабырұлының жақындары, әріптестері мен шәкірттеріне қайғыра көңіл айтамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу