Көрнекті жазушы Мақсат Тәж-Мұрат өмірден өтті

170

Қайғылы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы жеткізді.

Көрнекті жазушы Мақсат Тәж-Мұрат өмірден өтті Фото: Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы

Көрнекті жазушы, эссеист, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақсат Тәж-Мұраттың дүниеден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мақсат Әнесұлы Тәж-Мұрат 1959 жылы қарашада Атырау облысына қарасты Қосшағыл поселкесінде дүниеге келген.

1978-1983 жылдар аралығында ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқыған.

1983-1990 жылдар аралығында "Білім және еңбек" журналында әдеби қызметкер, "Социалистік Қазақстан" газетінде тілші, "Горизонт"-"Өркен" газетінде редактордың орынбасары, "Жалын" журналының жауапты секретары, Қазақстан ЛКЖО ОК жастар бұқаралық ақпарат құралдары секторының меңгерушісі болып істеді.

1990-1999 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетінде аспирант, аға оқытушы, доцент болды.

1994 жылы "Ғұмар Қараштың ақындығы" тақырыбында диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

2006-2007 жылдары аралығында "Қазақ әдебиеті" газеті бас редакторының орынбасары, 2007-2009 жылдары аралығында "Ана тілі" газетінің бас редакторы.

2009 жылы Астана қаласына ауысып, 2013 жылға дейін "Астана" журналының бас редакторы болып істеді.

Мақсат Тәж-Мұрат "Шәңгерей: жасампаздық өмірі", "Батыс Алаш-Орда: биобиблиографиялық сөздік тәжірибесі", "Ғұмар Қараш: өмірі мен шығармашылығы", "Кәбиса жыл: зерттеу, эссе, әдеби толғамдар", "Қаһармандық анатомиясы. Мәншүктің мәлімсіз майданы", "Димаш. Когда жаждут крика" кітаптарының және мерзімді басылымдар бетінде жарияланған жүзге тарта мақаланың авторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу