ІІІ Чарльздің өлімі расталған жоқ

906

Букингем сарайы ІІІ Чарльз қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ІІІ Чарльздің өлімі расталған жоқ Фото: successdigestonline.com

"Ұлыбритания королі III Чарльздің қайтыс болғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде пайда болған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Монарх тірі және жұмыс міндеттерін орындауды жалғастыруда", - деді Букингем сарайы.

Бұл ақпаратты Ресейдегі Ұлыбритания елшілігі де теріске шығарды.

"Король III Чарльз 17 наурызда қайтыс болды" деген ақпарат бірқатар ресейлік БАҚ пен Telegram арналарында пайда болды.

Жарияланымдар Букингем сарайының ресми мәлімдемесінің скриншотымен бірге жүрді. Дегенмен, британдық БАҚ мұндай хабарларды жарияламағанын айтты.

Айта кетейік, биыл ақпан айында 75 жастағы ІІІ Чарльз қатерлі ісікке шалдыққаны мәлім болды. Дәрігерлер ІІІ Чарльз-ға көпшілік шараларды кейінге қалдыруға кеңес берді. Патша "тұрақты емделе" бастады. Қазір ол ресми іс-шараларға тұрақты қатыспаса да, сарай ішіндегі жұмыстарды атқарып жүр. 

Монарх қайтыс болған жағдайда "Менай көпірі" деп аталатын жоспар әзірленеді. Елдегі билік тақ мұрагері ханзада Уильямға беріледі.

Сондай-ақ, монархтың 17 наурызда өлгені туралы ақпаратты ресейлік БАҚ-тар жариялаған деген мәлімет тарауда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу