"Коронадағдарыс" көлік компанияларының табысын екі есе азайтты

806

Пандемия әсіресе халықаралық жолаушылар тасымалын шектеген. Бұл саладағы тасымалдаушылардың кірісі тіпті үш есе төмендеген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz порталына сілтеме жасап.

"Коронадағдарыс" көлік компанияларының табысын екі есе азайтты

2020 жылы көлік тасымалын жүргізетін компаниялардың табысы 3,9 трлн теңгені құраған. Ал 2019 жылы дәл солар 4,5 трлн теңге табыс тапқан болатын. Биылғы табыстың үштен бір бөлігі үш аймаққа тиесілі. Олар: Атырау облысы (669,8 млрд тг), Алматы қаласы (306,7 млрд тг) және Нұр-Сұлтан қаласы (247,7 млрд тг).
Сонымен бірге табыстың жартысы жүк пен багаж тасымалынан түскен (2,46 трлн теңге). Жолаушылар тасымалынан келетін табыс қатты төмендеді. 2019 жылы бұл бағыттан 590,7 млрд теңге түссе, 2020 жылы бар-жоғы 291,2 млрд теңгеге әрең жетіп отыр.

"Қосымша көліктік саладан 1 трлн теңге түсті. Көлік құралдарын жалға беруден түсетін табыс 160,8 млрд теңгені құрады. Алдыңғы жылы одан 181 млрд теңге табыс болған. Жүк және багаж тасымалына табыстың негізгі бөлігі тиесілі. Әсіресе, халықаралық бағыттан көбірек түсім келеді (1,9 трлн теңге). Атап айтқанда экспорттық бағыттан 641,5 млрд теңге, ал импорттық бағыттан 157,2 млрд теңге түскен. Республика ішіндегі бағыт-бағдарда жүретін көлік компаниялары 513,9 млрд теңге тапқан", - деп жазылған зерттеуде. 

Жолаушылар тасымалы саласында кірістің көп бөлігі республика ішіндегі бағыт-бағдардан келген (128 млрд теңге). Республикаішілік және халықаралық бағытта көлік компаниялары 2020 жылы 8,4 млрд жолаушыны тасымалдаған. Бұл – 2019 жылғы көрсеткіштен 3 есе аз. Жолаушылар айналымы 2,7 пайызға азайған.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу