Коронавирустан жазылғандардың плазмасын науқастарға құюға бола ма?

734

Елордада коронавирустің өршу кезеңі күтілуде.  

 Коронавирустан жазылғандардың плазмасын науқастарға құюға бола ма?

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып, коронавирустен жазылғандардың плазмасын науқастарға құюға қатысты пікір білдірді.

"Коронавирустен жазылғандардың қан плазмасын науқастарға құю мәселесі қазіргі таңда біз бекіткен клиникалық емдеу хаттамасында  қарастырылмаған", – деген маман елордадағы науқастардың қаншасы жазылып шығатынына қатысты болжамын айтты

"Біз өлім көрсеткішіне байланысты болжам жасамаймыз. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың өршу кезеңін күтіп отырсақ та, барлық науқастарды жазамыз деп күтуге міндеттіміз. Сондықтан басқа болжам күтіпейміз", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу