Коронавирус: 101 адамның ахуалы нашар

519

23.10.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.

Коронавирус: 101 адамның ахуалы нашар

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 782 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 211-і – бала, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

"Стационарларда 2 205 науқас жатыр. 577 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 101 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", – деп жазылған министрліктің бүгінгі хабарламасында.

Ал шұғыл штаб өткен тәулікте тағы 179 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғанын хабарлады. Осылайша елімізде бүгінге дейін аталған ауруды 110086-ге жетті. Оның 105493-і жазылып шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу