Коронавирус: 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

923

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 14 мамырдағы ақпарат.

Коронавирус: 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

14 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 472 адам коронавирус инфекциясынан (38 955 КВИ+ және 517 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 279 пациент стационарда, 25 193 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

"КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында 774 адамның жағдайы ауыр, 180 пациенттің жағдайы өте ауыр, 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке тоқталсақ: 12 мамырдағы мәлімет бойынша 127 жаңа жағдай тіркелген, 4 жағдай өліммен аяқталған, 89 адам жазылып шыққан.

"2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 53 884, өлім жағдайлары - 851, барлығы 52 516 адам сауығып шықты",– деп жазылған ВАК хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу