Коронавирус: 125 адам жансақтау бөлімінде жатыр

747

15 өңірде індет өсіп барады.

Коронавирус: 125 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева коронавирус бойынша елдегі жағдайды баяндады.

"Қазіргі дерек бойынша індет жұқтырға 15877 жағдай тіркелді. Оған қоса симптомсыз 6831 науқас бар. Өткен тәулікте 335 науқас тіркеліп, өсім 2,2 пайызды құрады. 15 өңірде індеттің өршуі байқалуда. Әсіресе Ақмола, Түркістан, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында өсім жоғары. Эпидемия басталғалы 97 адам ауырып көз жұмды. 9902 екі адам жазылып шықты. Өткен тәулікте 255 адам бір тәулікте жазылып шықты. Республика бойынша 12 709 адам әлі емделіп жатыр. Оның ішінде 237 баланың жағдайы қанағаттанарлық. Жансақтау бөлімінде 125 адам жатыр. ПТР-тестілеуден 1,24 млн адам өткен. Бір тәулікте 20 060 адам тест тапсырды", – деді министрлік өкілі онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу