Коронавирус: 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

504

ДСМ-нің 28.10.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

Коронавирус: 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 114 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 275 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 267 науқас жатыр. 847 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 126 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ведомствоның бүгінгі хабарламасында.

Шұғыл штабтың мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 148 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған. Осылайша індетті жұқтырғандар саны елімізде 110832-ге жетті. Оның 105883-і емделіп, дерттен айыққан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу