Коронавирус: 17 мамырдан бастап Қызылорда облысында жаңа қаулы күшіне енеді

1108

Қызылорда облысы эпидемологиялық ахуал жағынан 10 мамырдан бастап "жасыл" аймақта тұр. Осыған байланысты өңірде бірқатар шектеу шарасын жеңілдету туралы облыстың бас мемлекетік санитариялық дәрігерінің №14 жаңа қаулысы қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коронавирус: 17 мамырдан бастап Қызылорда облысында жаңа қаулы күшіне енеді

Жаңа қаулыда бірқатар карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілген. Әйтсе де күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық талаптар сақталуға тиіс. Атап айтқанда, банкет залдардың жұмысына тек ас беру үшін рұқсат берілді. Бірақ сыйымдылығы 30 пайыздан, 50 орыннан аспауы керек. Ал діни нысандарда кісі толымдылығы 30 пайыздан аспауға тиіс. 50 адамнан асырмай мәдениет нысандарының, толымдылығын 30 пайыздан асырмай театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг, балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысына рұқсат етіледі. 

Сондай-ақ, енді тұрғындар спорт сайыстарын тамашалай алады. Бірақ ондай нысанда көрермен 20 пайыздан аспауы керек. Балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметіне, қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмау талабымен жұмыс кестесін сағат 7.00-ден 2.00-ге дейін, асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын тәулік бойы ұйымдастыруға болады. 

"Жаңа қаулыға сәйкес қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға, ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге болмайды. Букмекерлік кеңселердің қызметіне, түнгі және ойын клубтарының, караоке қызметіне, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынады. Карантин талаптары жеңілдетілгенмен сақтық шараларына мән берейік", - дейді қаулысында өңірдің бас санитарлық дәрігері Динара Жаңабергенова.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу