Коронавирус: 179 науқастың жағдайы өте ауыр

670

Өткен тәулікте 2716 адам коронавируспен тіркелді. Осылайша елге індет кіргелі коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 309 116-ға жетіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК статистикасына сүйеніп.    

Коронавирус: 179 науқастың жағдайы өте ауыр

263 446 адам COVID-19-дан емделіп, жазылған. Ал бүгінгі уақытта 42 549 адам (42 100 КВИ+ және 449 КВИ-) ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 15 273 пациент стационарда, ал 27 276 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 769 адамның жағдайы ауыр, 179 пациенттің жағдайы өте ауыр, 113 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– дейді ВАК-тан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу