Коронавирус: 192 пациенттің жағдайы өте ауыр

664

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 мамырдағы ақпарат.

Коронавирус: 192 пациенттің жағдайы өте ауыр

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, қазіргі уақытта 40 056 адам коронавирус инфекциясынан (39 671 КВИ+ және 385 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 495 пациент стационарда, 25 561 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 799 адамның жағдайы ауыр, 192 пациенттің жағдайы өте ауыр, 122 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке тоқталсақ, 2021 жылғы 10 мамырдағы мәлімет бойынша 13 жаңа жағдай тіркелген, 5 жағдай өліммен аяқталған, 25 адам жазылып шыққан.

"2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 53 584, өлім жағдайлары - 842, барлығы 52 357 адам сауығып шықты",– деп жазылған ВАК-тың бүгінгі хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу