Коронавирус: 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

468

Денсаулық сақтау министрлігінің 4.11.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

Коронавирус: 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 981 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 510 науқас жатыр. 2 471 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-ның бүгінгі мәліметінде.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте коронавирустың жаңадан 432 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Ал 177 адам емделіп шыққан. Осылайша вирус жұқтырғандардың жалпы саны 113371-ге жетті. Олардың 106893-і емделіп жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу