Коронавирус: 218 адамның ахуалы нашар

536

Денсаулық сақтау министрлігінің 3.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.  

Коронавирус: 218 адамның ахуалы нашар

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 827 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 904 бала бар. Стационарларда 3 541 науқас жатыр. 10 286 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 218 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте коронавируспен 769 адам тіркелгенін хабарлады. Осылайша еліміз бойынша індетті жұқтырғандар саны 133 887-ге жетті. 118004 адам жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу