Коронавирус: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

1279

ДСМ-нің 15.09.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.  

Коронавирус: 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 409 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 362 науқас жатыр. 2 047 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 124 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.​

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте 65 адамнан індет ПТР-тест арқылы анықталып, ал 209 адам емделіп шыққанын хабарлады.

Осылайша еліміз бойынша бүгінге дейін коронавирус 106920 адамға жұғып, оның 100836-сы аурудан айыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу