Коронавирус: 231 адамның жағдайы ауыр

684

Кеше 3 адам індет салдарынан көз жұмды. 

Коронавирус: 231 адамның жағдайы ауыр

11 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 432 адам короновирус инфекциясынан (13 811 КВИ+ және 4 621 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 570 пациент стационарда, 13 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 231 адамның жағдайы ауыр, 47 пациенттің жағдайы өте ауыр, 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты бүгінгі мәліметінде. 
Ал шұғыл штаб індет жұқтырғандар санының тағы өскенін хабарлады. Өткен тәулікте 752 адамнан COVID-19 анықталған. Осылайша ел ішінде вирустың алғашқы жағдайы тіркелгелі бері оны жұқтырғандар саны 220770 жетті. Олардың 204129 жазылып шыққан. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу