Коронавирус: 255 адамның жағдайы ауыр

718

ДСМ-нің 2021 жылдың 16 ақпанындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.  

Коронавирус: 255 адамның жағдайы ауыр

"16 ақпандағы мәлімет бойынша, 22 733 адам короновирус инфекциясынан (14 113 КВИ+ және 8 620 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 090 пациент стационарда, 17 643 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 255 адамның жағдайы ауыр, 47 пациенттің жағдайы өте ауыр, 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.

Айта кетсек, елімізде COVID-19-дың алғашқы жағдай тіркелгелі вирус жұқтырғандар саны бүгінде 203259-ға жетті. Олардың 186494-і жазылып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу