"18 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24 875 адам короновирус инфекциясынан (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 570 пациент стационарда, 18 305 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 294 адамның жағдайы ауыр, 60 пациенттің жағдайы өте ауыр, 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.
Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте 1003 адам коронавируспен тіркеліп, 468 адам осы індеттен жазылып шыққанын хабарлады. Осылайша елімізде 169099 адам індет жұқтырған болса, оның 153503-і ем алып, сауыққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу