Коронавирус: 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

549

Денсаулық сақтау министрлігінің 7.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

Коронавирус: 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 096 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар. Стационарларда 3 687 науқас жатыр. 10 409 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 241 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 39 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте коронавирустың жаңадан 712 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Осылайша елімізде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері оны жұқтырғандардың жалпы саны 136983-ге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу