Коронавирус: 38 науқастың жағдайы өте ауыр

744

2021 жылғы 27 қаңтардағы мәлімет бойынша елімізде коронавирус инфекциясынан 27 119 адам ем қабылдауда, олардың ішінде 6 492 науқас стационарларда, 20 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Денсаулық сақтау министрлігі осылай деп хабарлады.

Коронавирус: 38 науқастың жағдайы өте ауыр

Індетке шалдыққандардың арасында 266 адамның жағдайы ауыр, 39 науқастың  жағдайы өте ауыр, тағы 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Елімізде өткен тәулікте 1398 адам коронавирустық инфекциядан емделіп шықса, 1397 адамда індет ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша қарастырсақ:
Нұр-Сұлтан қаласы - 147;
Алматы қаласы - 139;
Шымкент қаласы - 10;
Ақмола облысы - 213;
Ақтөбе облысы - 6;
Алматы облысы - 64;
Атырау облысы - 70;
Шығыс Қазақстан облысы - 53;
Жамбыл облысы - 23;
Батыс Қазақстан облысы - 95;
Қарағанды облысы - 78;
Қостанай облысы - 141;
Қызылорда облысы - 11;
Маңғыстау облысы - 10;
Павлодар облысы - 219;
Солтүстік Қазақстан облысы - 108;
Түркістан облысы - 10.

Осылайша жалпы еліміз бойынша індетке шалдыққандар саны 181117 адамға жетті, 163156 науқас емделіп қықты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу