Коронавирус: 4 өңір "қызыл аймақта" тұр

991

27 мыңнан аса адам вирустан емделіп жатыр.

Коронавирус: 4 өңір "қызыл аймақта" тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 1405 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өткен тәулікте елімізде СОVID-19-ды жұқтырудың 1 405 дерегі анықталды. Осылайша елде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері вирус жұқтырғандар саны 386 549-ға жетті.

Өткен тәулікте 2 436 адам СОVID-19-дан айықты. Жалпы пандемия басталғалы бері елімізде 355 981 адам аурудан жазылған. 

31 мамырдағы мәлімет бойынша елімізде 27 180 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 10 908 пациент стационарда, 16 272 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 668 адамның жағдайы ауыр, 152 пациенттің жағдайы өте ауыр, 97 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған ведомствоаралық комиссия таратқан хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды облыстары,

"Сары аймақта": Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары,

"Жасыл аймақта": Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, елімізде 2 млн 114 мың 112 адам коронавирусқа қарсы екпе алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу