Коронавирус: 49 пациенттің жағдайы өте ауыр

726

Шұғыл штабтың хабарлауынша, өткен тәулікте 723 адам коронавирус індетінен емделіп шықса, 831 адамда коронавирус індеті расталған.  

Коронавирус: 49 пациенттің жағдайы өте ауыр

Айта кетсек, елде Covid-19 алғаш рет тіркелгелі бері бұл ауру 160650 адамға жұққан. Олардың бүгінге дейін 147512-і жазылған, ал 2262 адам індет салдарынан көз жұмды.

ДСМ-нің коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 8 қаңтардағы ақпаратына сүйенсек, қазір елімізде 22 776 адам короновирус инфекциясынан (10 786 КВИ+ және 11 990 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 367 пациент стационарда, 17 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, 49 пациенттің жағдайы өте ауыр, 50 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған министрліктің бүгінгі ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу