Коронавирус: 52 пациенттің жағдайы өте ауыр

1164

6 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.

Коронавирус: 52 пациенттің жағдайы өте ауыр

ДСМ-ның бүгінгі мәліметіне сүйенсек, қазір 18 789 адам короновирус инфекциясынан (13 318 КВИ+ және 5 471 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 455 пациент стационарда, 14 334 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда екен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 226 адамның жағдайы ауыр, 52 пациенттің жағдайы өте ауыр, 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– дейді ДСМ-нен.

Айта кетсек, өткен тәулікте 832 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Ал 742 адам емделіп шықты. Осылайша елде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері 217299 адам ауру жұқтырып, олардың 201182-сі жазылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу