Коронавирус 58 мемлекетке таралды

1055

Қытайдан басқа елдерде коронавирус жұқтырғандардың саны 7700-ден асқан.

Коронавирус 58 мемлекетке таралды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеше Қытайдан басқа елдерде жаңа коронавирусты бір күн ішінде 1160 адамның жұқтырғанын анықтады. Осы күнге дейін 126 кісі аурудан көз жұмған екен. Ал науқастардың жалпы саны 7700-ден асып кеткен.

Ұйым сайтындағы дерекке сүйенсек, вирус 58 мемлекетке таралыпты. Соңғы күндері ауру Әзербайжан, Эквадор, Ирландия, Монако және Катар елдерінде тіркелді.

Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының дерегі бойынша, Қытайда вирусты жұқтырғандардың саны 84174-ке, қаза болғандардың саны 2915-ке жеткен. 44518 адам тиісті ем-дом қабылдап, жазылған екен. 

Оңтүстік Кореяда 3736 кісінің ағзасынан Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус табылса, оның 18-і ауруды асқындырып, жан тапсырыпты. 

Ал Иранда марқұмдардың саны 54 болды. Италияда 1694 жұқтыру фактісі тіркелсе, оның 34-і қаза болды. АҚШ-тың 74 азаматы дертке шалдықса, оның 1-еуі ажал құшты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу