Қазақстанда өткен тәулікте 769 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб.
769 жаңа жағдайдың 140-ы ШҚО-да, 99-ы Павлодар облысында, 97 жағдай СҚО-да, ал 82-сі Қостанайда тіркелді. Осы төрт өңірде жұқтыру көрсеткіші төмендемей отыр.
Өзге де аймақтар: Нұр-Сұлтан қаласында – 41, Алматы қаласында – 72, Шымкент қаласында – 5, Ақмола облысында – 89, Ақтөбе облысында – 5, Алматы облысында – 24, Атырау облысында – 31, Жамбыл облысында – 15, Батыс Қазақстан облысында – 34, Қарағанды облысында – 21, Қызылорда облысында – 2, Маңғыстау облысында – 5, Түркістан облысында 7 жағдай анықталды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 133887.