Коронавирус: 8 өңір "қызыл аймақта" тұр

6076

COVID-19 бен пнемониядан 25 адам көз жұмды. 

Коронавирус: 8 өңір "қызыл аймақта" тұр

Елімізде індет қайта өрши бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 2 765 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 430 928-ге жетті.

Өткен тәулікте 1 453 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 399 277 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

3 шілдедегі мәлімет бойынша 28 575 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 8 640 пациент стационарда, 19 935 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 541 адамның жағдайы ауыр, 117 пациенттің жағдайы өте ауыр, 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ COVID-19 бен пнемониядан 25 адам қайтыс болды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды, Маңғыстау облыстары.

"Сары аймақта": Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары.

"Жасыл аймақта": Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, елімізде коронавирус қарсы вакцинаның I компонентін 3 612 610 адам, II компонентін 2 134 938 адам салдырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу