Коронавирус: 97 адамның ахуалы нашар

644

21.09.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.  

Коронавирус: 97 адамның ахуалы нашар

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 667 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 873 науқас жатыр. 1 794 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 97 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", – деп жазылған ДСМ баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, елімізде бүгінге дейін індет 107307 адамнан анықталып, оның 101941-і жазылған.

Шұғыл штабтың соңғы хабарламасына сүйенсек, өткен тәулікте тағы 45 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу