Коронавирус: 98 адамның ахуалы нашар

718

Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.  

Коронавирус: 98 адамның ахуалы нашар

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 515 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың арасында 40 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 804 науқас жатыр. 1 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 98 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - деді министрлік.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу