Коронавирус: АҚШ экономикасы екінші тоқсанда 4%-ға қысқаруы мүмкін

1988

COVID-19 деп аталатын жаңа коронавирус пандемиясы АҚШ экономикасын бәсеңдетті.  

Коронавирус: АҚШ экономикасы екінші тоқсанда 4%-ға қысқаруы мүмкін

Кей сарапшылардың пікірінше, екінші тоқсанда ел экономикасы 4%-ға қысқаруы ықтимал.

Capital Economics мамандарының мұндай болжам жасауына Дональд Трамптың еуропалықтардың АҚШ-қа келуіне 30 күндік шектеу енгізуі түрткі болған. Оның үстіне Құрама Штаттарда мектептер, көптеген жұмыс орындары мен мәдени мекемелер уақытша жабылған. 
"Пандемия салдарынан елдің ЖІӨ екінші тоқсанда 4%-ға кемуі мүмкін. Ал үшінші тоқсанда тенденция жалғасуы ықтимал", — дейді Capital Economics сарапшысы Эндрю Хантер. 

Соңғы рет мұндай құлдырау 2008-2009 жылдары тіркелген болатын. 

АҚШ-тың қор нарығы кеше күрт құлдырап, 1987 жылдан бергі ең төмен көрсеткіштерге ие болған еді. Мысалы, Dow Jones S&P 500 және NASDAQ деп аталатын негізгі америкалық индекстер шамамен 10%-ға арзандады. Биткоин құны 4700 долларға дейін түсіп кетті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу