Коронавирус әлемнің 81 елінде тіркелді

1232

Коронавирустан қаза болғандардың саны 3305-тен асты.

Коронавирус әлемнің 81 елінде тіркелді

Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының дерегіне сүйенсек, елде жаңа коронавирусты жұқтырғандардың саны 80710 -ға, ал марқұмдардыкі 3045-ке (екеуі Гонкгонгте, біреуі Тайваньда ) жеткен. 53726-сы індеттен құлантаза жазылған екен. 

Ал Қытайдан басқа елдердегі науқастардың саны – 14700. Оның 260 -ы ажал құшыпты. 
Оңтүстік Кореяда 6284 кісінің ағзасынан Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус табылса, оның 42-сі ауруды асқындырып, жан тапсырған. Жергілікті үкімет эпидемиямен күреске 9,91 млрд доллар бөлмек.

Жапонияда науқастардың саны 1057-ге, Британияда 116, АҚШ-та 205-ке жетті.

Эпидемиямен күреске АҚШ Конгресі – 8,3 млрд доллар, Оңтүстік Корея – 9,91 млрд доллар, Дүниежүзілік банк – 12 млрд доллар, Австралия – 800 млн доллар, Италия – 7,5 млрд еуро, Халықаралық валюта қоры 50 млрд еуро бөліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу