COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 23 ақпандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарына сүйенер болсақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 566 жағдай тіркелді.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 43, Алматы қаласында – 158, Шымкент қаласында – 6, Ақмола облысында – 28, Ақтөбе облысында 6, Алматы облысында – 21, Атырау облысында – 9, Шығыс Қазақстан облысында – 36, Жамбыл облысында – 11, Батыс Қазақстан облысында – 20, Қарағанды облысында – 47, Қостанай облысында – 44, Қызылорда облысында – 6, Маңғыстау облысында – 15, Павлодар облысында – 47, Солтүстік Қазақстан облысында – 68, Түркістан облысында – 1.
Ал өткен тәулікте 2 566 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Елімізде барлығы 1 261 996 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.